Государственное учреждения "Аппарат акима села Жетекши"

Государственные услуги

                                                                                            Павлодар қаласы  әкімдігінің
2013 жылғы 20 маусымдағы
№  778/3 қаулысымен
бекітілген



  “Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру”
мемлекеттік қызмет регламенті
      1.Жалпы ережелер
 
1. Осы Регламент “Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру” мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2318 қаулысымен бекітілген “Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру” мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет Павлодар қаласы ауылдық округтер және ауыл әкімдерінің аппараттары мемлекеттік мекемелерімен (бұдан әрі – өкілетті органдар) осы регламентке 1 қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына бес күн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден сағат 18.30-ға дейін ұсынылады.
Баламалы негізде мемлекеттік қызмет Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Павлодар қаласының халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалы (бұдан әрі – орталық) демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына алты күн, түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін Павлодар қаласы, Павлова көшесі, 48 мекенжайы бойынша ұсынылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру, не мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
Тұтынушы өкілетті органға тікелей өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет өтініш білдірген сәттен бастап көрсетіледі:
1) мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 10 (он) минуттан аспайды;
2) мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 10 (он) минуттан аспайды.
Тұтынушы орталық арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет:
1)    2 (екі) күннен аспайтын мерзімде көрсетіледі;
2)    мемлекеттік  қызметті  алғанға  дейін  күтудің  рұқсат  етілген  ең  ұзақ
уақыты 10 (он) минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
7. Тұтынушы осы регламенттің 8 тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбауы, не өкілетті органның шаруашылық кітабында жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәліметтер болмауы мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тартуға негіз болып табылады.
 
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі
әрекет (өзара әрекеттілік) реттілігінің сипаттамасы
 
8. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін мына құжаттарды ұсынады:
өкілетті органға өтініш бергенде тұтынушы жеке куәлігін ұсынумен ауызша түрде өтініш береді;
орталыққа өтініш бергенде:
1)    еркін нысандағы өтінішті;
2)    жеке   куәліктің   көшірмесін    және    салыстыру    үшін   түпнұсқасын
ұсынады.
9. Құжаттарды орталыққа тапсырғаннан кейін тұтынушыға мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғандығын растайтын, орталықтың мөрі мен тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні көрсетілген анықтама беріледі.
10. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш түскен сәттен бастап және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызмет көрсету этаптары:
өкілетті органға өтініш бергенде:
1)    тұтынушы жеке куәлігін ұсынады;
2)    өкілетті   органның   маманы   өтінішті   журналға   тіркеуді   жүргізеді,
шаруашылық кітабы бойынша мәліметтерді тексереді, жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы анықтаманы толтырады, не мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;
         орталыққа өтініш бергенде:
1)    тұтынушы өтініш және жеке куәліктің көшірмесін береді;
2)    орталық өтінішті тіркеуді жүргізеді және өкілетті органға тапсырады;
3)    өкілетті  орган   орталықтан   ұсынылған   өтінішті  тіркеуді,   қарауды
жүзеге асырады, бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды немесе анықтаманы ресімдейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін орталыққа жолдайды;
         4) орталық тұтынушыға анықтама, не бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
         11. Өкілетті орган тұтынушы құжатының мазмұны туралы ақпараттардың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету қажет.
         12. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне тұтынушының өкілетті органға тікелей өтініш беруі кезінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
         1) өкілетті органның маманы;
         2) ауыл немесе ауылдық округ әкімі.
13. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 2 қосымшада келтірілген.
14. ҚФБ мен мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігінің арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сызба осы регламентке 3 қосымшада келтірілген.
 
 
3. Мемлекеттік қызметтер көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
 
15. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған жауапкершілікке тартылады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
“Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру”
мемлекеттік қызмет регламентіне
2 қосымша
 Құрылымдық-функционалдық бірліктердің
(ҚФБ) іс-әрекеттерінің сипаттамасы

 

Үдерістердің (барысының, жұмыс ағынының) іс-әрекеттері

1.

Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

3

2.

ҚФБ атауы

ҚФБ-тің 1 тобы өкілетті органның маманы

ҚФБ-тің 2 тобы Ауыл немесе ауылдық округтің әкімі

ҚФБ-тің 1 тобы өкілетті органның маманы

3.

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Өтінішті тіркеу, мәліметтерді шаруашылық кітабы бойынша тексеру

Анықтамаға, не тұтынушыға мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою

Шығыс хат-хабар журналында тіркеу

4.

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімші шешім)

Анықтаманы толтыру және қол қою, не мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау және қол қоюға жолдау

Анықтама, не мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

Тұтынушыға анықтама, не мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру

5.

Орындау мерзімдері

10 минуттан аспайды

5 минуттан аспайды

5 минуттан аспайды

6.

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

 

“Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру”
мемлекеттік қызмет регламентіне
3 қосымша
 
 
Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы
анықтама беру үдерісінің схемасы

 
   
 
2. Ауылдық округ (ауыл) әкімі.
Анықтамаға, не тұтынушыға мемлекеттік 
қызмет ұсынудан бас тарту
туралы дәлелді жауапқа қол қою. 
(5 минуттан аспайды)
1. Өкілетті органның маманы                                                                         3.Өкілетті органның маманы.
Өтінішті тіркеу, мәліметтерді                                                                  Шығыс хат-хабар журналында     
шаруашылық кітабы бойынша                                                               тіркеу. Анықтама, не мемлекеттік
тексеру.                                                                                                    қызмет ұсынудан бас тарту туралы
(10 минуттан аспайды)                                                                            дәлелді жауап беру.
                                                                                                                                 (5 минуттан аспайды)






                                                                           Мемлекеттік
                                                                      қызметті тұтынушы